Прокурорлардың арқасында 142 кәсіпорын жалақы қарызын қайтарды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл бірінші жартыжылдықта прокурорлар 142 кәсіпорынға төлемеген жалақыларын төлетті. Бұл туралы бүгін елдің жоғары қадағалау органы алқасының кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген бас прокурор Асхат Дауылбаев хабарлады.
None
None

«Ел Президентінің еңбекақы төлеу саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша тапсырмасы орындалуда. Бірінші жартыжылдықта прокурорлардың актісі бойынша жұмыскерлердің пайдасына 4 млрд. теңге өндіріп алынды. Жалпы 59 мың қызметкерлердің құқығы қорғалды», - деп хабарлады органның баспасөз қызметі.

Асхат Дауылбаев Алматы мен Қарағанды облысы прокуратурасының жұмыстарын атап өтті, олар 271 млн-нан астам проблемалық кәсіпорындар бойынша 271 млн теңгеден астам қарызды жапты.

Соңғы жаңалықтар