Промоутер Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетінін айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 Promotions промоутерлік компаниясы мен Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек қайда өтетінін айтып берді. Бұл туралы TMZ.com порталына сілтеме жасап Vesti.kz хабарлайды.

Промоутер Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетінін айтып берді

«Головкин-Альварес жекпе-жегінің өтетін жері туралы айтатын болсақ, біз бұл мәселені Golden Boy промоутерлік компаниясы шешеді деп келістік. Головкинге жекпе-жекті қай жерде өткізетіні маңызды емес. Оның Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» де жанкүйерлері көп. Сонымен қатар Джерри Джонс («Даллас Ковбойз» командасының қожайыны) Головкиннің жекпе-жегін Далласта өткізгісі келетінін айтты.

Тағы бір нұсқа ретінде Лас-Вегастағы «Даллас Ковбойз» казиносындағы T-Mobile Arena аренасы айтылып жатыр. Бірақ таңдау Альварестің командасында», - дейді Леффлер.

Еске салайық, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF атақтарына ие қазақстандық боксшы 19 наурызда Дэниэл Джейкобспен өткізген жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. «Канело» 6 мамырда өзге мексикалық Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады. Мексикалық боксшы өзінің жекпе-жегін өткізіп болғаннан кейін екі боксшы жаздың ортасында кезесу өткізуі ықтимал.