Промоутер Головкинге «Канелоның» орнына басқа қарсылас тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украина боксшысы Сергей Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) Сауль Альвареспен (54-1-2, 36 КО) үшінші рет жекпе-жекке шығуын әлі де қаламайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Промоутер Головкинге «Канелоның» орнына басқа қарсылас тапты

ДиБелланың пікірінше, бұл айқастың бәсекелі болуы үшін Головкин басқа әлем чемпионымен жұдырықтасуы тиіс.

«Мен GGG-дің Андрадеге қарсы жекпе-жегін көргенді қалаймын», - деді ДиБелла.

Еске сала кетсек, Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Геннадий Головкиннің бұл дивизионда IBF және IBO белбеуі бар. Соңғы өткен жекпе-жегінде Головкин жеті раундтан кейін Польша боксшысы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) жеңген болатын.