Промоутер Жәнібек Әлімханұлының ауруханаға түсіп қалуына қатысты мәлімдеме жасады
АСТАНА. KAZINFORM - Top Rank промоутерлік компаниясы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) түбі ресейлік жаңазеландиялық былғары қолғап шебері Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жегіне тойтарыс берілуіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Жәнібек Әлімханұлы бейсенбі күні кешке қарай салмақ қуу кезінде ағзаның зорығуына байланысты ауруханаға түсіп қалды. Осы себепті оның Андрей Михайловичпен жекпе-жегі өтпетін болды. Енді Лас-Вегастағы сол бокс кешінің басты жекпе-жегі Рэймонд Мураталья мен Тевин Фармер кездесуі болмақ», - деп мәлімдеді Top Rank Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, Жәнібек пен Михайловичтің жекпе-жегі 14 шілде күні таңертең өтуі тиіс болған. Жәнібек өзіне тиесілі WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерді қорғауы тиіс еді.