«Протон» құлаған жерге тақау елді-мекен аумағынан гептил табылған жоқ - Н.Қаппаров

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - «Байқоңырда» «Протон» зымыран тасымалдағышы құлаған жерге тақау орналасқан елді-мекендердің топырағында және ауада гептилдің ұйғарымды концентрациясының шекті деңгейден артуы орын алған жоқ. Бұл туралы бүгін «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық ресейлік-қазақстандық комиссия жанынан құрылған жұмыс комиссиясының отырысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Протон» құлаған жерге тақау елді-мекен аумағынан гептил табылған жоқ - Н.Қаппаров

Министрдің атап өтуінше, зымыран тасымалдағыш құлаған жер Ресей Федерациясы жалға алған аумақта, 81 мен 200-ші алаң аралығында жатыр. Зымыран құлағаннан кейін таяу аралықта орналасқан елді-мекендердің топырағы мен ауасынан сынама алынған. Зертханалық сараптама барысында гептил табылаған жоқ.

Еске салсақ, ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы 2 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылымы жоспарланған болатын. «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымның 10 секундында жерге құлап, жарылды. Апат ұшыру алаңынан 2-3 шақырым жерде орын алды.