«Протон-М» британдық Inmarsat-5F1 жер серігімен «Байқоңырдан» ұшырылды
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Бриз-М» желісті блокты «Протон-М» зымыран тасығышы Британияның Inmarsat-5F1 ғарыш аппаратымен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды,
деп хабарлады ресейлік «Новости» ақпараттық агенттігі.
Зымыран тасығыш Астана уақыты бойынша 18:12-де іске қосылды. Ол Британияның жер серігінен 9 желтоқсан күні 9:43-те бөлінеді деп күтілуде. Жер серігін Boeing Satellite Systems компаниясы шығарған. Аппарат орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептеліп отыр.