«Протон» зымыраны апатының себептері бір аптадан кейін белгілі болады

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресей үш ГЛОНАСС жерсерігін жоғалтқан «Протон» зымыранының ұшу кезіндегі апатының себептері туралы түйіндеме 15 желтоқсанға қарай дайын болады.

«Протон» зымыраны  апатының себептері  бір аптадан кейін белгілі  болады

Бұл туралы бүгін кеме апатының себебін зерттеу жөніндегі комиссияға жетекшілік ететін Машина жасау орталық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Геннадий Райкунов мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада, 5 желтоқсанда «Байқоңырдан» ұшырылған «Протон» зымырантасымалдағышы орбитаға «ГЛОНАСС-М» навигациялық ғарыш аппараттарын шығаруы керек болатын. Бірақ жерсеріктер белгіленген орбитаға шықпай қалып, Тынық мұхитына құлаған.