«Протон» зымыраны уақытынан бұрын ұшып кетті - В. Поповкин

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - «Протон-М» зымыран-тасымалдағышы тиісті уақытынан бұрын, яғни, 0,4 секундке ертерек ұшты. Осы орайда қозғалтқыштар режімге шығып үлгермеді. Бұл туралы Роскосмом басшысы Владимир Поповкин хабарлады, деп жазады ВВС.
None
None

Сонымен қатар ол зымыранның ерте ұшырылуы 2 шілдедегі аптаттың негізгі себебі болмауы мүмкін екенін жеткізді.

«Бұл тұрғыда бірнеше нұсқа бар және біз олардың барлығын қарастырудамыз. Осы орайда старттық жабдықтар, сондай-ақ зымыран-тасымалдағышты басқару жүйесі мен қозғалтқыш қондырғысы зерделенуде», -деді Роскосмос басшысы.

Айта кетейік, РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин «Протон-М» зымыран-тасымалдағыштарын ұшыру - апаттың себебін анықтағанша тоқтатылғанын растады. Бұған қоса, ол ГЛОНАСС-тың үш жерсерігі бар «Протонның» апаты ресейлік навигациялық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін орбиталық жерсерік тобының тиімділігін жоғалпайтынын атап өтті.

Жақында «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы аталған апатқа байланысты прокуратура қылмыстық іс қозғаған болатын.

Соңғы жаңалықтар