Проза табынушысын өлтірген поэзияны сүюші сегіз жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирбит қаласының бұрынғы педагогы өзінің жолдасымен әдеби жанрлар туралы ортақ пікірге келе алмай, оны өлтіргені үшін жазасын сегіз жыл қатаң режімдегі колонияда өтейтін болды.
Бұл туралы РФ Свердловск облысы бойынша Тергеу комитеті Тергеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
2014 жылдың қаңтарында 67 жастағы танысының үйінде болған айыпталушының онымен бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Соның барысында ер адамдар әдеби жанрлардың ішінде поэзия әлде прозаның қайсысы маңыздырақ деген тақырыпта сөз таластырып қалған.
Пәтер иесі прозаның нағыз әдебиет екенін айтса, оның қонағы бұл дауда «поэзияны» жақтап қоймаған.
«Көп уақыт өтпей әдеби пікірталастың соңы жанжалға ұласқан. Соның салдарынан 52 жастағы поэзия жақтаушысы өзінің қарсыласының кеуде тұсына пышақ салып, оны өлтірген», - деді ведомстводан.