Психологтар ата-аналарға әлеуметтік желіге балаларының суреттерін жарияламауға кеңес береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ата-аналардың көпшілігі дос-жарандарымен өздерінің отбасылық өмірі жайлы мағлұматтармен бөліскісі келеді. Осы мақсатта олар әлеуметтік желілерге фото, бейне, басқа да ақпараттарды салады.

Психологтар ата-аналарға әлеуметтік желіге балаларының суреттерін жарияламауға кеңес береді

Мичиган университетінің ғалымдары мұндай әрекеттің пайдасына қарағанда, зияны көп деп санайды. Бұл кейінірек сол ата-аналардың балаларына эмоциялық зардабын тигізуі мүмкін.

Бала өскен соң әлеуметтік желілерді өзі пайдалана бастайды. Әрі, кей ата-аналар кішкентай балаларына арнап өздері парақша ашады. Зерттеушілер әлеуметтік желіге балалардың өмірі жайлы егжей-тегжейлі мәліметтерді орналастырудың қандай жағдайға әкеліп соғатынын анықтап жатыр.

Бір жағынан, ата-аналар бұл тұрғыда әлеуметтік желіні пайдалы деп санайды. Алайда кейбіреулері олар адамға қатысты қауіпсіздік пен құпиялылықты бұзады деп шамалайды, деп хабарлады Meddaily.