Психологтар ата-аналарға жасөспірім балаларға дауыс көтеруге тыйым салды
АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жасөспірім балаларға дауыс көтеруді әдетке айналдырған баланың мінез-құлқында күйзелістің дамуына қауіпті арттырады, деп жазады The Daily Mail. Балаға ауыр сөздер айту оның эмоционалдық дамуына кері әсер етеді.
Америкалық Питтсбург Университенің сарапшылары арнайы 976 отбасыны зерттеген. Оның барысында көптеген ата-аналардың қалыптасқан тәрбиелеу әдістерінен вербалды түріне көшкенін, яғни бала жасөспірім кезеңге аяқ басқанда қолға алатыны анықталды. Олар жиі балаларға дөрекілік көрсеткен (отбасылардың 50 пайызы). 13 жастағы жеткіншекке дауыс көтергеннен, оның салдарынан баланың өзін-өзі ұстауы мен эмоционалды әрекетінде ауытқушылық байқалған.
13-14 жастағы жасөспірімдердің бойында күйзеліс қалыптасып, олар өздерін мектепте дұрыс ұстамаған, өтірік айтып, ұрлыққа барған, төбелеске ұрынған.
Қорытынды екі жыл бойы жүргізілген сауалнама негізінде жасалған. Олардың көмегімен ғалымдар отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығы, тәрбиелеу әдістері мен сапасы, балалар мен ата-аналарының қарым-қатынастары туралы анықтаған. Қорытынды: ата-аналардың 90 пайызы осы уақыт аралығында олар балаларына кем дегенде бір рет ұрсып, дауыс көтергендерін мойындаған. Ғалымдар ата-аналарға өздерін балаларына қатысты толғандырған мәселелерді олармен ашық сөйлесуге кеңес береді.