Психологтар: Сурет салу есте сақтау қабілетін жақсартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін, сурет салу керек, деп мәлімдеді брюссельдік ғалымдар. Зерттеуге ерікті студенттер тартылды.
Оларға қарапайым сөздерден құралған тізім берілді. Одан кейін қатысушылар 40 секундтың ішінде жазылған сөздерді бірнеше рет жазып немесе оларды есте сақтауға көмектесетін суретті салуы тиіс болған. Бұдан кейін студенттерге есте сақтауды бекітуге септігін тигізетін тапсырма берілді. Зерттеу соңында азаматтардан еркін түрде неғұрлым көп сөзді еске алуды сұрады.
Ғалымдардың байқағаны: еріктілер сурет салған кезде көп сөздерді есте сақтаған, деп хабарлайды MED Daily.