16:45, 16 Қазан 2015 | GMT +5
Псков облысында саңырауқұлақ теруші соғыс кезіндегі оқ-дәрілер қоймасының үстінен шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Псков саперлері жергілікті тұрғынның орманда тауып алған Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бірнеше ондаған миномет снарядтарын залалсыздандырды, деп жазады Interfax.

Жарылу қаупі болған заттар Заплюсье елді мекенінің маңында табылған.
Оқ-дәрілерді тапқан ер адам дереу саперлерді шақыртты, олар миналарды залалсыздандырды. Барлығы 40 минометтік снаряд жойылған. Бұған Псков іздеу-құтқару жасағының тобы тартылды.