ПТР тест 8 900 теңгеге дейін арзандауы тиіс - Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР тест арзандағаннан кейін қандай сомада болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ПТР тест 8 900 теңгеге дейін арзандауы тиіс - Алексей Цой

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ПТР тест құнын 22 пайызға арзандату тұрғысында оның нақты сомасы қанша болатындығы жайында сұралды.

«Қазіргі кезде болжамды түрде 11 мың теңгеден 8 900-ге дейін төмендеуі тиіс. Бұл бағытта тиісті есеп-қисап жүргізілуде. Қажетті қадамдарды саладағы қауымдастықтармен, «Атамекен» ҰКП-пен пысықтап жатырмыз», - деді Алексей Цой.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ПТР тестілеу ақысы 22 пайызға арзандайды.