Пуэрто-Рико 370 млн доллар көлеміндегі қарызын төлей алмады - арал губернаторы

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-қа еркін түрде қосылу статусына ие Пуэрто-Рико билігі 2 мамырға жоспарланған 370 млн. доллар қарызын төлей алмайды. Бұл туралы жексенбі күні арал губернаторы Алехандро Гарсия Падилья мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Пуэрто-Рико 370 млн доллар көлеміндегі қарызын төлей алмады - арал губернаторы

Мәселе, Пуэрто-Рико банкінің 422 млн. доллар көлеміндегі қарызы туралы болып отыр. Бұл соманың ішінде 22 миллион доллар - пайыздар, арал билігі оларды төлеуге ниетті, тағы 30 млн. доллар көлеміндегі борыштың құрылымын қайта қарау туралы келісушілікке қол жеткізілген, алайда қалған 370 миллионды, Гарсия Падильяның айтуынша, іздеп табу мүмкін емес.
Губернатор аталған төлемдер тоқтатылатынын атады. «Associated Press» агенттігінің атап өтуінше, бұдан кейін Пуэрто-Рикоға қарсы сот даулары туындауы мүмкін. Мемлекеттік қарыздың жалпы көлемі шамамен 70 млрд. долларды құрап отыр. Соңғы айларда билік қарыз құрылымын қайта қарау жоспарын жасауға әрекеттенді, алайда бұл жұмыс әзірге табыссыз болып отыр.