Пуэрто-Рикода экономикалық дағдарыс салдарынан 200 мектеп жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пуэрто-Рикода экономикалық дағдарыс салдарынан кем дегенде 184 мемлекеттік білім ошағы жабылады, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс  агенттігі елдің білім беру департаментінің басшысы Йоланда Росалиге сілтеме жасап.

Пуэрто-Рикода экономикалық дағдарыс салдарынан 200 мектеп жабылады

Білім беру басқармасының дерегі бойынша, 27 мың оқушы мамыр айының соңында басқа мектептерге ауыстырылады.

Пуэрто-Рикода барлығы 1292 мемлекеттік мектеп бар, онда 365 мың оқушы білім алып жатыр.

Елдің мемлекеттік қарызының жалпы сомасы 70 миллиард долларды құрайды.