Пугачева мен Галкин балалы болады

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Алла Пугачева мен Максим Галкин өздерінің болашақ балаларына есім таңдады.

Пугачева мен Галкин балалы болады

Ең атақты ресейлік жұптың үйленгеніне небәрі 1,5 ай өтті, дегенмен олар ұрпақтарын жалғастыруды ойлап отыр.

Аяқ астынан үйленуге бел буған Примадонна мен пародистің бұл шешімі күтпеген жағдай болған еді. Олар 10 жылдан астам уақыт бойы бірге тұрып келеді. Отау көтерген жұптың жақын досы Владимир Винокур жуырда таңқаларлық жаңалықты жариялады. Примадонна өзінің 62 жасына қарамастан ана болуды қалап отыр. Ол суррогат ананың көмегіне жүгінбек. Винокуровтың сөзіне қарағанда, болашақ баласын Владимир деп атамақшы.

(uznayvse.ru сайтының материалы бойынша)