Пушкиннің аса сирек кездесетін, қолтаңбасы бар кітабын ит тапқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Подмосковьедегі Химкада жергілікті тұрғын әйелдің иті Александр Пушкиннің аса сирек кездесетін кітабын тауып алған.
Бұл туралы оның иесі «360 Подмосковье» телеарнасына хабарлады.
Оның айтуынша, табылған туынды 800 мың рубльге бағаланып отыр. Ол Ресейде шыққан ақынның алғашқы кітаптарының бірі. Әйелдің сөзіне қарағанда, кітапта қолтаңа, ал беттерінде автордың белгілеп қойған тұстары да бар.
Шығарма қайта қалпына келтіруге жіберілді.