Пушкиннің туған күнінде Абайдың әндері шырқалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 6 маусым күні сағ. 11.00-де Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің залы) орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің туған күніне орай «Абай және Пушкин» атты музыкалық кеш өткізеді.
None
None

Аталған кеш барысында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Кәусәр» мәдени-танымдық орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, өнертану профессоры Кенжеғали Мыржықбай Абай және Пушкиннің сөздеріне жазылған қазақ және орыс композиторларының вокалдық шығармаларын орындайды. Көрермендерге Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ» және «Айттым сәлем, қаламқас», Римский-Корсаковтың «На холмах Грузии», Г. Свиридовтың «Роняет лес багряный свой убор» және «Подъезжая под Ижоры», М. Ыбыраевтың «Қансонарда», Т. Шапайдың «Есіңде бар ма, жас күнің?», М. Глинканың «В крови горит огонь желания», Н. Тілендиевтің «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», С. Рахманиновтың «Не пой, красавица, при мне», А. Даргомыжскийдің «Юноша и дева», С. Мұхаметжановтың «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», Б. Шереметьевтің «Я Вас любил ...», М. Маңғытаевтың «Өлсе өлер табиғат...», Е. Рахмадиевтің «Қазағым, қайран жұртым», Гете, Лермонтов, Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» (үш тілде) атты шығармалары ұсынылатын болады. Кешке зиялы қауым өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, мекемелердің қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Келем деушілерге есік ашық.

Соңғы жаңалықтар