Путин 2018 жылғы президенттік сайлауға қатысты жауап беруден бас тартты
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин мемлекет басшысының кезекті сайлауы өтетін 2018 жылға жоспары туралы сұраққа тікелей жауап беруден бас тартты.
Сочиде өтетін Олимпиада қарсаңында ресейлік президент BBC, ABC News, CCTV, "Россия-1" телеарналары, "бірінші арна" , Around the Rings ақпараттық агенттігінің тілшілеріне сұхбат берді.
«Ал сайлауға қатысты айтатын болсақ, ол туралы жауап беру әлі ерте. Қазір 2014 жыл, ал сайлау 2018 жылы болады. Жұмыс істеу керек, қалғанын уақыт көрсетеді», - деді Ресей Президенті.