Путин екі ел арасындағы серіктестік, тауар айналымы, ынтымақтастық туралы айтты
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қазақстандық «Казправда» газетіне берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестік, тауар айналымы және ынтымақтасты туралы айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Бүгінде Ресей мен Қазақстанның серіктестігі ерекше сипатқа ие және белсенді дамып келеді. Ол өзара сыйластық, егемендікті мойындау, аумақтық тұтастық және ішкі істерге араласпау принциптеріне негізделген. Мұны біздің елдеріміз арасындағы қатынастарды реттейтін құжаттардың кең базасы (350-ден астам) растайды. Бізде мемлекетаралық қарым-қатынастың әртүрлі тетіктері жұмыс істейді. Ең алдымен президенттер әкімшілігі, сыртқы істер министрлігі, құқықтық тәртіп, әділет органдары және парламенттер желісі бойынша байланыстар», - деп жауап берді Ресей президенті сұхбат сауалына.
Сондай-ақ Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымына тоқталды.
«Өзара тауар айналымы жақсы қарқынмен өсіп келе жатқанын ерекше атап өтемін. Өткен жылы ол 10,2 пайызға өсіп, рекордтық 28,2 миллиард долларға жетті, ал осы жылдың қаңтар – тамызында ол тағы 7,6 пайызға өсіп, 18,9 миллиард долларды құрады. Ресей – Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі. Қазақстанда жинақталған ресейлік инвестициялар шамамен 17 миллиард долларды құрайды. Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді», - дейді ол.
Ол өскелең ұрпақты болашақтың баға жетпес байлығына теңеді.
«Ғасырлар бойғы тату көрші, ынтымақтастық, нацизммен күрес халықтарымызды жақындастырады, дәстүрлі түрде өзара тиімді байланыстарды нығайтады. Қазақстандық жастар орыс тілін үйренуге, білім алуға қызығушылық танытатынын ерекше атап өтемін. Серіктестерге және волонтерлік, мәдениет және гуманитарлық қызмет саласындағы ынтымақтастыққа деген қызығушылығы үшін алғыс айтамыз. Біздің стратегиялық серіктестігіміз шынымен де болашаққа ұмтылады, кең әрі көп қырлы, уақытпен тексеріледі және жоғары деңгейге қарай дамиды. Бізде бір-бірімізге көмектесетін көп нәрсе бар. Біз одан әрі бірлесіп жұмыс істейміз, өзіміздің экономикалық және технологиялық әлеуетімізбен азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттырамыз», - деді В. Путин.