19:51, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Путин ертең Федералдық жиналыста үндеу жасайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 18 наурызда Федералдық жиналыста үндеу жасап, сөз сөйлейді.
Бұл туралы журналистерге Мемлекеттік думаның вице-спикері Иван Мельников хабарлады, деп жазады РБК.
Сонымен бірге, оның айтуынша, 18 наурызда Мемлекеттік думаның отырысында Қырым бойынша мәлімдеме қабылданады.