18:08, 26 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Путин Қазақстанды интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы деп санайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ЕАЭО барлық мүшелеріне оң ықпал ететін интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады, деді РФ президенті В. Путин. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Қазақстан - посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы. Бұған табысты елдің интеграциялық жобаларды белсенді алға жылжытып жатқаны дәлел. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың барлық қатысушыларына оң ықпал етуде», - деді әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелесу барысында Путин.
Сондай-ақ, Ресей көшбасшысы Қазақстан басшысын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.