Путин: Кемероводағы өрт салғырттық салдарынан болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Кемероводағы өрттен қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, өрт мәселесіне байланысты жиналысты бір минут үнсіздікпен бастады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Путин: Кемероводағы өрт салғырттық салдарынан болды

Ресей Президенті бұл оқиғаға немқұрайлылық себеп болғанын айтты.

«Бізде не болып жатыр, бұл - соғыс емес, шахтада кенеттен метан жарылып жатқан жоқ. Адамдар демалуға келді, балаларымен. Біз демографияны сөз ете отырып, осыншама адамдардан айырыламыз. Неліктен? Бұл қылмыстық енжарлық пен салғырттық», - деді Путин.

Еске салайық, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты.