22:21, 26 Сәуір 2025 | GMT +5
Путин Киевпен алдын ала шарттарсыз келіссөз жүргізуге дайын
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың арнайы елшісі Стивен Уиткоффпен кездесу барысында Украина өкілдерімен алдын ала шарттарсыз келіссөз жүргізуге дайын екенін растады, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Бұл туралы журналистерге Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті.
Дональд Трамптың арнайы елшісі Стивен Уиткоффпен диалог барысында Владимир Путин Мәскеудің Киевпен алдын ала шарттарсыз келіссөздерді жаңғыртуға дайын екенін айтқан.
Песков Путиннің бұл туралы бұған дейін де бірнеше рет айтқанын еске салды.
Осыған дейін РФ президенті Украина тарапымен азаматтық нысандарды соққы жасау мәселесін екіжақты талқылауды ұсынған болатын.
Трамп Рим папасын жерлеу алдында Зеленскиймен жүргізген әңгімені нәтижелі болды деді.