Путин Қырғызстан президентін Александр Невский орденімен марапаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты Александр Невский орденімен марапаттады, деп хабарлайды КирТАГ.
В. Путин жоғары награданы Бішкектегі мемлекеттік резиденция Ала Арчада өзі тапсырды.
«Александр Невский - тарихи батырларымыздың бірі. Ол шығыспен де, батыспен де қызу қарым-қатынасты жолға қойды. Ал, сізге біздің бірлескен тарихымыздағы ең үздік парақтарды жүрегінде сақтаған адам ретінде - бұл нағыз лайықты марапат»,-деді Путин награданы тапсыру барысында.
Алмазбек Атамбаев бүгін, 17 қыркүйекте 60 жасқа толды.