Путин қызметінен кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Ханты-Мансийск автономиялық округінің (ХМАО) губернаторы Наталья Комарова орынбасары Алексей Путинді жұмыстан босату туралы құжатқа қол қойды. Ол 20 қыркүйектен бастап лауазымынан шеттетілді.
Бұл туралы мемлекеттік органдар (ХМАО) сайты хабарлады, деп жазады "Известия".
Өз кезегінде, өңірлік қоғамдық және сыртқы байланыстар департаментінің директоры Елена Шумакова «Интерфакс» агенттігіне ХМАО басшысының бұрынғы орынбасары өз еркімен орнын босатқанын айтты.
Еске салсақ, Алексей Путиннің қарамағында денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, жастар саясаты, әлеуметтік даму, дене шынықтыру және спорт департаменттері, мұрағаттар істері қызметі болды.