Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Путин мен Ердоған Қытайда G20 саммитінің алаңында кездесуге уағдаласты

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Тайып Ердоған жұмада телефонмен әңгімелесу барысында қытайлық Ханчжоу қаласында 4-5 қыркүйекте Үлкен жиырмалық саммитінде кездесуге уағдаласты, деп хабарлады Anadolu түрік президенті әкімшілігінің дереккөзіне сілтеме жасап.

 Путин мен Ердоған Қытайда G20 саммитінің алаңында кездесуге уағдаласты

Ақпаратқа сәйкес тараптар  сириялық Алеппоға гуманитарлық көмек жеткізу туралы келісті. Ердоған өзінің ресейлік әріптесіне Сирияның солтүстігіндегі Түркия операциясы барысы жайлы хабардар етті және «ИМ» лаңкестік тобымен және т.б. осындай ұйымдармен  бірлесіп күресу маңыздылығын атап өтті.

Бұдан басқа екі көшбасшы ресей-түрік қатынастарын реттеу мәселесін талқылады.