Путин мен Медведевтің табысы 2,5 есеге ұлғаймақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин өзінің және премьер-министр Дмитрий Медведевтің жалақысын 2,65 есеге ұлғайту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Би-Би-Си.
Президенттің 11 сәуірдегі жарлығы Кремль сайтында жарияланды. Қол қойылған сәттен бастап ол күшіне енеді.
Ағымдағы жылы Путин бірқатар Ресей шенеуніктерінің жалақысын көтерген болатын.
Жұма күні жарияланған табыс туралы декларацияға сәйкес, 2013 жылы Ресей президенті Владимир Путин 2012 жылғы табысымен салыстырғанда 2 млн рубль (56,2 мың доллар) кем ақша тапқан.
Оның баспасөз хатшысы бұл жағдайды 2 жыл бұрын еңбек демалысына төленген қаржының айырмашылығын алға тартып түсіндірген болатын. Медведев те өткен жылы 2012 жылмен салыстырғанда аз ақша алған екен. Табысы 5,8 млн рубльден 4,26 млн рубльге кеміген.