Путин мен Тимошенко Мәскеуде газ проблемасын талқылайды

КИЕВ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 17-сінде Мәскеуде Ресей мен Украина үкіметтерінің келіссөзі өтеді. Ресей премьері Владимир Путиннің Украина үкіметінің басшысы Юлия Тимошенкомен болған телефон әңгімесі барысында осындай келісімге қол жеткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. «Әңгіме барысында газ мәселесіндегі барлық проблеманы шешудің тұжырымдамасы талқыланды», делінген Украина үкіметі баспасөз қызметінің хабарламасында. Екі елдің премьері сондай-ақ, Ресей газының Еуропаға транзитінің басталу шарттарын талқылайды. Тимошенко ханым ресейлік әріптесіне жеделхат жолдап, Ресей Еуропа үшін украиналық газ тасымалдау жүйесіне беретін көгілдір отынның барлық көлемі, сол арқылы газ айдау агрегаттарының жұмысы үшін пайдаланатын 8 пайыздан басқа, Еуроодақ елдеріне жеткізілетініне кепілдік берді. Ю.Тимошенко сондай-ақ Ресей газының Украина үшін бағасы анықталғаннан кейін, жоғарыдағы техникалық мұқтаждықтарға пайдаланылатын газдың да ақысы төленетініне кепілдік беріп отыр.
Соңғы жаңалықтар