Путин мен Трамп Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге болмайтынын мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ және АҚШ президенттері - Владимир Путин мен Дональд Трамп Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге болмайтыны жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС.
Данангтағы Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының саммитінде жасалған мәлімдемеде «Сириядағы қақтығыстарды әскери жолмен шешуге болмайтыны, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2254 қарарына сәйкес, Женева процесі аясында саяси жолмен толық реттелуі қажет екені» айтылады.
РФ және АҚШ президенттері Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық біртұтастығы сөзсіз мойындалатынын растады.