Путин премьер-министрдің лауазымына Медведевтің кандидатурасын ұсынды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаға премьер-министр лауазымына Медведевтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ТАСС Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Путин премьер-министрдің лауазымына Медведевтің кандидатурасын ұсынды

Д. Медведев - 52 жаста. Соңғы алты жыл бойы РФ үкіметін басқарды. Оған дейін Ресей президенті лауазымында болды.

Ресей Конституциясында көрсетілгендей, 7 мамырда үкімет  толық құрамда отставкаға кетті.

 Елдің Негізгі заңына сәйкес, отставкаға кеткен мерзімнен соң екі аптаға дейін президент Мемлекеттік думаға жаңа  премьер-министрдің кандидатурасын ұсынуы тиіс. Оны парламенттің  төменгі палатасы міндетті түрде бір аптаның ішінде қарауы керек.  

4 мамырда Госдуманың бірінші вице-спикері Иван Мельников, егер кандидатура осы мерзімге дейін белгілі болса, депутаттар 8 мамырда өзінің жалпы отырысында қарауы мүмкін деп мәлім еткен еді.