Путин: Ресей мен АҚШ арасындағы байланыстың қайта жандануын бәрі құптай бермейді

АСТАНА.KAZINFORM —  Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ФҚҚ алқасының отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Путин: Ресей мен АҚШ арасындағы байланыстың қайта жандануын бәрі құптай бермейді
Фото: kremlin.ru

- Біз Ресей мен АҚШ арасындағы байланыстардың қайта жандануын бәрі бірдей құптай бермейтінін түсінеміз. Батыс элитасының бір бөлігі әлемдегі тұрақсыздықты сақтап қалуға мүдделі болып отыр. Бұл күштер басталған диалогты бұзу немесе беделін түсіруге тырысады. Біз мұны ескеруіміз керек және осындай әрекеттердің жолын кесу үшін дипломатия мен арнайы қызметтердің барлық мүмкіндігін пайдалануымыз қажет, - деді Владимир Путин.

Бұған дейін Трамп ақпан айының соңына дейін Путинмен кездесуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, 18 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Ресей мен АҚШ делегациялары арасында келіссөздер өтті, олар шамамен 4 сағатқа созылды

Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд қаласында АҚШ пен Ресей делегациясы келіссөздері туралы толығырақ сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар. 

Соңғы жаңалықтар