Путин: Ресей Үндістанның ШЫҰ-ға қосылу ниетін қолдайды
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы өңірлік қауіпсіздіктің, тұрақтылық пен Еуразия өңірінде ынтымақтастықтың маңызды факторы болды.
Бұл туралы Нью-Делиде РФ Президенті Владимир Путиннің Үндістанға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған бірлескен мәлімдемеде айтылған.
Өз тарапынан «Ресей Үндістанның толық құқылы мүше ретінде ШЫҰ-на қосылу ниетін және басқа мемлекеттермен - ШЫҰ мүшелерімен бұл үрдісті жылдамдату шараларын қабылдауды әрі осы ұйымға кіруін қолдайды».