Путин: Ресей Үндістанның ШЫҰ-ға қосылу ниетін құптайды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аймақтық қауіпсіздіктің, Еуразиялық аймақтағы тұрақтылық пен ынтымақтастықтың маңызды факторына айналды.

Путин: Ресей Үндістанның ШЫҰ-ға қосылу ниетін құптайды

Бұл туралы Нью-Делиде РФ президенті Владимир Путиннің Үндістанға ресми сапарының қорытындылары бойынша қол қойылған бірлескен мәлімдемеде айтылған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Өз тарапынан «Ресей Үндістанның ШЫҰ-ға толыққанды мүше ретінде қосылу ниетіне өзінің қолдауын қуаттады және  басқа ШЫҰ мүше-мемлекеттерімен бірлесе отырып, оның осы ұйымға кіруі үдерісін жеделдету жөніндегі шаралар қабылдауды жақтайды».

Құжатта атап өтілгендей, «тараптар Азия-Тынық мұхит аймағында аймақтық ынтымақтастықтың көпбейінді форматтары ойдағыдай жұмыс істеп отырғанын көрсетеді». Солардың арасында - Ресей, Үндістан және Қытай арасындағы сыртқы саяси өзара іс-қимыл тетігі бар, ол жаһандық және аймақтық істерде біздің  елдеріміздің ұстанымын нығайтуға жәрдемдеседі, өзекті әлемдік проблемаларға орталық тұрғыдан келуге мүмкіндік береді.