Путин «Сириус» мектебі туралы: Қазақстанда дарынды балалар көп

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Президенті Владимир Путин Петербург халықаралық экономикалық форумында талантты балаларды анықтап, қолдауға бағытталған «Сириус» білім беру жүйесіне тоқталып, Қазақстанда дарынды балалардың көп екенін айтты.

Путин об открытии школы «Сириус»: В Казахстане много талантливых ребят
Фото: Сириустың федералдық аумағы

Оның сөзінше, Қазақстан мен Ресей арасында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық жоғары.

— Білім беру саласындағы жетістіктерді одан әрі дамытуға қызығушылық зор. Бұл Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуына да, Ресейдегі білім саласында қалыптасып жатқан жаңа үрдістерге де қатысты, — деді Владимир Путин Қазақстан Президенті телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева қойған сұраққа жауап беру кезінде.

Ресей Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге «Сириус» жүйесінің іске қосылуына қатысқанын еске салды.

Путин об открытии школы «Сириус»: В Казахстане много талантливых ребят
видеодан алынған кадр

— Естеріңізде болса, біз Қазақстан Президентімен бірге «Сириус» жүйесінің жұмысын бастадық. Бұл жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, талантты балаларды анықтау мен қолдаудың нәтижелі тәсілдерін қалыптастырды. Әрине, Қазақстанда талантты балалар көп. Ең бастысы — олардың қабілетін дамытуға жағдай жасау. Біздің осы бағыттағы ынтымақтастығымыз соған арналмақ, — деді Владимир Путин.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада Қазақстан — Сириус халықаралық білім беру орталығы құрылысының басталуына арналған капсула салу рәсімі өткен болатын.