Путин Сочидегі Олимпиадаға дайындықтың құнын атады

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстарына 214 млрд. руб. жұмсалды, оның 100 млрд. рублі - мемлекет қаржысы, ал 114 млрд. рублі - инвесторлардың қаржысы, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин "Бірінші арна" мен Associated Press агенттігіне берген сұхбатында.

Путин Сочидегі Олимпиадаға дайындықтың құнын атады

Бұл жайында РБК хабарлады.

«Инфрақұрылымдарға одан да көп ақша жұмсалды», - деп атап өтті В.Путин. «Біз бұған саналы түрде бардық. Ресей Федерациясы негізінен солтүстікте орналасқан, оның оңтүстігінің тек Олимпиада ойындары уақытында ғана емес, одан кейін де адам қызықтыратындай тартымды әрі ыңғайлы болуы үшін біз осындай қадамдарға бардық», - деді ол.

«Бұл шаруалар, сонымен бірге ресейлік азаматтарының демалуға Түркияға, Еуропаға, Италияға және басқа да елдерге бармай, ақшаларын осы жерде жұмсасын деген оймен жасалып отыр. Бұл аймақтың ауа райы жайлы, РФ азаматтарының жыл бойы демалуына мүмкіндік бар», - деп түсіндірді В.Путин.