Путинцева алғаш рет WTA рейтингінде 35-ші орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева спорттық мансабында алғаш рет Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 35-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Путинцева алғаш рет WTA рейтингінде 35-ші орынға көтерілді

Францияда өткен «Ролан Гаррос» турнирінде қазақстандық спортшы ширек финалға өтіп, әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямстан жеңіліп қалды.
Осылайша, Путинцева бірден 25 сатыға көтерілген. Бұған дейін 21 жастағы қазақстандық теннисшінің рейтингтегі үздік көрсеткіші 53-ші орын болған еді.
Ол бұған 2016 жылдың 2 мамырында қол жеткізген.
sports.kz. сайтының хабарлауынша, осы нәтижесімен ол Рио Олимпиадасында жолдама алды.