Путинцева Брисбендегі турнирде жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Австралияның Брисбен қаласындағы турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық Юлия Путинцева чехиялық Каролина Плишковамен кездесті, деп жазды Sports.kz.

Путинцева Брисбендегі турнирде жеңіліп қалды

Бұл жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ, Путинцева екі сетте 3:6, 1:6 есебімен қарсыласынан жеңіліп қалды.

Алғашқы айналымға қатысқаны үшін оған 6 703$ жүлде берілетінін атап өткен жөн.