Путинцева Голландиядағы іріктеу біліктілік финалына шықты
АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Голландиядағы турнирде ойынын сәтті бастады, деп хабарлады Vesti.kz.
Алғашқы айналымда Путинцева 19 жастағы ресейлік Дарья Гавриловамен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын бір сағаттан сәл астам уақыт ішінде 6:1, 6.2 есебімен қиналмай ұтып, жеңіске жетті.
Жарыстың негізгі сетіне шығу үшін Путинцева тағы бір ресейлік Нина Братчикова мен американдық Мэллори Бердеттің жекпе-жегінде жеңіске жеткен теннисшімен сайысқа түседі.