Путинцева Гуанчжоу турнирін ұта алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 61-інші ракеткасы Юлия Путинцева Гуанчжоу турнирінің финалында қытайлық Ван Цянмен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ю.Путинцева осы жарыстың 5-інші, ал дүниежүзілік рейтингте 41-інші орында тұрған В.Цян 3-інші ракеткасы болып тіркелген еді.
Бірінші партия қытайлық теннисшінің айқын басымдылығымен аяқталды - 6:1.
Екінші сетте В.Цян брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Ақыры тағы бір брейкке қол жеткізген қытайлық спортшы 6:2 есебімен матчтың нүктесін қойды.
Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның жүлде қоры 250 мың АҚШ доллары болатын Гуанчжоу турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.