Путинцева Мароккодағы турнирде жарысын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Путинцева Марокко астанасы  Рабатта өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналым матчында америкалық  Варвара Лепченкодан ұтылып қалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Путинцева Мароккодағы турнирде жарысын аяқтады

Бірінші сетте Путинцева қарсыласына бірде-бір мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен басым түсті.

Екінші партияда Лепченко алға шығып,  6:4 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші сетте  америкалық теннисші ойынды өз пайдасына аяқтады (6:1, 4:6, 1:6).