22:12, 17 Қазан 2017 | GMT +5
Путинцева Мәскеудегі турнирді жеңіспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - әлемнің 547-інші ракеткасы ресейлік теннисші Олеся Первушина Мәскеудегі турнирдің басында әлемдік рейтингте 54-інші орынға тұрған қазақстандық Юлия Путинцевадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Матчтың 1 сағат 16 минутында Олеся бес эйс жасап, екі бірдей қателік жіберді. Қарсыластар бұған дейін кездеспеген болатын.
Жарыстың екінші кезеңінде Путинцева неміс спортшысы Юлия Гёргес немесе ресейлік Полина Моновамен ойнайды.