Путинцева мен Шведова WTA рейтингінде бұрынғы орнында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы спортшылардың 2017 жылғы алғашқы рейтингін шығарды, деп хабарлады Sports.kz.
Рейтингте неміс Анжелик Кербер сенімді көш бастауда, одан кейін америкалық Серена Уильямс және поляк Агнешка Радванска тұр.
Қазақстандықтар Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова өздерінің 33-ші, 37-ші орындарын сақтап қалды.