Путинцева мен Шведованың WTA рейтингіндегі позициялары өзгерген жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) апталық рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Путинцева мен Шведованың WTA рейтингіндегі позициялары өзгерген жоқ

Жекелей сындағы рейтинг көшбасшылары өзгеріссіз қалды: бірінші орында - Анжелик Кербер (Германия), екінші орында АҚШ теннисшісі Серена Уильямс, үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндеп тұр.

Қазақстан өкілдері Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова ТОП -100 тізімінде сәйкесінше 31- және 51-орынды сақтап қалды.

Жұптық разряд бойынша Шведова 13-орында, ал Галина Воскобоева 113-тен 116-сатыға сырғыды.