19:05, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» сериясындағы Франция ашық біріншілігі - «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты.

Бүгін ол Германия спортшысы Андреа Петковичпен кездесіп, екі сетте де айқын жеңіске жетті. Есеп - 6:2, 6:2.
Үшінші кезеңде Путинцева италиялық Карин Кнаппен күш сынасады. Кнапп бұған дейін алғашқы айналымда Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконы, екінші кезеңде Латвиядан келген Анастасия Севастованы жеңген болатын.