Путинцева «Taiwan Open» жартылай финалында жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Taiwan Open» турнирінің жартылай финалында америкалық Винус Уильямспен кездесті, деп хабарлады Sports.kz.

Путинцева «Taiwan Open» жартылай финалында жеңіліп қалды

Екі сеттік жарыс нәтижесі бойынша Уильямс басымдық танытып, 7:5, 6:3 есебімен қазақстандықты сүріндірді.