Путинцева WTA рейтингінде 38-ші орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы спортшылардың рейтингін жаңғыртты, деп хабарлады Sports.kz.
Көш басында неміс спортшысы Анжелик Кербер, екінші орында - америкалық Серена Уильямс, ал үшінші орында - испаниялық Гарбин Мугуруса.
ТОП-100-те Қазақстанның екі өкілі бар. Юлия Путинцева 41-ші орыннан 38-ші орынға, ал Ярослава Шведова 43-ші орыннан 41-шіге көтерілді.