Путинцева WTA рейтингінің ТОП-30 тізіміне қайта оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлады Sports.kz.
Рейтингте неміс Анжелик Кербер көш бастаса, екінші орында америкалық Серена Уильямс, үшінші орында чехиялық Каролина Плишкова тұр.
ТОП-100 тізімінде Қазақстан өкілдерінің арасында Юлия Путинцева, 32-ші сатыдан 29-орынға көтеріліп, көрсеткішін біршама жақсартты.
Ярослава Шведова да 50-орыннан 48-орынға көтеріліп, жағдайын жақсартты.
Жұптық сында Шведова екі сатыға төмен түсіп, 13-орынға жайғасты, ал Галина Воскобоева алғашқы жүз спортшының қатарынан шығып қалды. Ол 97-орыннан 112-сатыға сырғыды.