15:22, 05 Қазан 2013 | GMT +5
Путиннің 5800 бәсекелесі табылды
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - РФ Мемлекеттік думасының депуттары Сириядағы қақтығысты реттеуге қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығына ұсынған Ресей Президенті Владимир Путиннің 5800 бақталасы пайда болды, деп хабарлайды РИА «Новости».

Италияның вице-премьері Анджелино Алфано Лампедуза аралының барлық тұрғындарына осы сыйлықты беруді ұсынды, деп хабарлады итальяндық бұқаралық ақпарат құралдары.
Нобель сыйлығының комитеті осы жылдың наурыз айында 2013 жылы аталған сыйлыққа үміткерлердің саны рекордтық мөлшерге, 259 жеткенін хабарлаған болатын. Алайда Италия үкіметі Нобель сыйлығының комитетіне арал тұрғындарының тізімін беруге асығар емес. «Мен елдің премьер-министрімен алдағы уақытта Лампедузадан Нобель сыйлығына үміткерлерді анықтау үшін қажетті шараларды бастау жөнінде сөйлесуім керек», - деп мәлімдеді Алфано.